Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің 26.01.2018 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2017 жылғы 5 қантарыңдағы № 01-10-02 ұсынысы негізінде, Тасөткел ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың ауданының Тасөткел ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасөткел ауылының әкімі | С.Саухимова |