Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 04.07.2018 № 6ВС-26-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Қ.Құсайынов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
2017 жыл "11" 05
Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы "11" мамырдағы № 6С-14-4 шешіміне қосымша |
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жақсы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет мемлекетік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Жақсы аудандық бөлімшесі;
10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін, Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банк немесе банкілік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар ақшалай нысанда алушының есеп-шотына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.
8. Осы Қағидалар Жақсы ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу, немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады;
4) аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы Қағидаларды басшылыққа алады.
10. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына
қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлеріне;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасына;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына;
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне); қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне);
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға.
2) Қарт адамдар және мүгедектер күніне (1 қазан және қазанның екінші жексенбісі):
қарт адамдарға (ең төменгі зейнетақы алатын, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысымен);
барлық мүгедектердің санаттарына;
3) ай сайын ауыл және ауылдық округтер әкімдерімен ұсынылған тізімдерінің негізінде коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы табысын есепке алмастан белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға) өтініші бойынша жылына бір рет:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған тізімнің негізінде есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған тізімнің негізінде есепте тұрған туберкулез ауруымен ауыратындарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға), айрықша жағдайда мыналар, өрт, су басу және басқа табиғи және техногенді сипаттағы төтенше апатта 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ақылы түрде колледждерде күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде;
аудандық бюджет қаражатының есебінен, ақылы түрде колледждерде күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын мүгедек студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде;
ақылы түрде жоғары медициналық оқу орнының күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде;
5) жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға):
- шұғыл емделуге (ота жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
- "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 04 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 711 бұйрығымен бекітілген, тізілімге енгізілмеген, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін;
6) бір рет, өтініш бере отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға; пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) бір рет, уәкілетті ұйымның берген тізімдері негізінде өтініш бере отырып: жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлердің қайтыс болғандарды жерлеуге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданғанжұмысшылар мен қызметшілеріне, 15 ( он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша, Жақсы ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын, актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Колледждерде күндізгі оқу нысанасы бойынша ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге және жоғары медициналық оқу орнының күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынғанда беріледі;
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) оқу орнымен жасалған келісім шартты;
4) оқу орнынан анықтаманы;
5) осы санатқа жатқызылғандығын растайтын, анықтаманы;
6) жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан студенттер үшін аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы келісім шартты.
15. Құжаттар салыстырып, тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде, уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін, учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия, құжаттар келіп түскен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде, әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде, әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жақсы ауданының жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Жақсы ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.