Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 13.12.2018 № 6ВС-34-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы № 6С-14-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5979 тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
М.Мейрамов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы ауданының әкімі | Б.Малғаждаров |
2018 жылғы "04" шілде
Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы "04" шілдедегі № 6ВС-26-2 шешімімен бекітілген |
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жақсы ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органымен есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қортындылар дайындау үшін, Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Жақсы ауданы аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 Мамыр;
2) Қарт адамдар күні –1 қазан;
3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;
ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын егде жастағы тұлғаларға;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
мүгедек балаларға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға;
туберкулезбен ауыратындарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;
пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;
колледждерде ақылы негізде күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге;
жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әлеуметтік көмек:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;
2) Қарт адамдар күніне:
ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын егде жастағы тұлғаларға;
3) Мүгедектер күніне:
зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға көрсетіледі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге өтініш, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;
2) жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға, "Жақсы орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде отбасының бір мұшесіне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) шұғыл емделуге (ота жасауға);
2) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлердің қайтыс болғандарды жерлеуге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, 15 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде.
Коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек ауыл және ауылдық округтер әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде:
1) ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 пайыз мөлшерінде;
2) қаза тапқан әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыды көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Жақсы ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданының жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Жақсы ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалан отырып жүргізеді.