Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 07.12.2018 № 9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5594 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 30-жол алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы |
Д.Пшембаева |
"14" қыркүйек 2017 жыл