"Сайлау учаскелерін құру туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 6089 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 07.12.2018 № 9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5594 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 30-жол алынып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы
Д.Пшембаева

      "14" қыркүйек 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады