Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Чаглинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чаглинка ауылдық округі әкімінің "Ақадыр селосының, Ұялы селосының, Первомайское селосының, Еңбекбірлік селосының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-102 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында "селосының" сөзі "ауылының" сөзіне және бүкіл шешімнің мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Чаглинка ауылдық кругінің әкімі |
Б.Дүйсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Балтағарин |
2017 жылғы "27" 03
Зеренді ауданының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Шәкіржанов |
2017 жылғы "27" 03