Ақадыр ауылының, Ұялы ауылының, Первомайское ауылының, Еңбекбірлік ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 05 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 қыркүйекте № 1-14-102 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында "селосының" сөзі "ауылының" сөзіне және бүкіл шешімнің мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Ақадыр селосы, Ұялы селосы, Первомайское селосы және Еңбекбірлік селосы халқының пікірін ескере отырып, Чаглинка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақадыр селосы, Ұялы селосы, Первомайское селосы және Еңбекбірлік селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Ақадыр селосы:
      № 1 көшеге – Атамекен атауы;
      № 2 көшеге - Бірлік атауы;
      № 3 көшеге – Достық атауы;
      № 4 көшеге – Жастар атауы;
      № 5 көшеге - Болашақ атауы;
      2) Ұялы селосы:
      № 1 көшеге – Желтоқсан атауы;
      № 2 көшеге – Бейбітшілік атауы;
      3) Первомайское селосы:
      № 1 көшеге – Жеңіс атауы;
      № 2 көшеге - Достық атауы;
      4) Еңбебірлік селосы
      № 1 көшеге – Бұлақ атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А.Айтқужин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының "Сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
      В.М.Петрова
      Зеренді ауданының "Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
      Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады