Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алексеевка кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алексеевка кенті әкімінің "Алексеевка поселкесінің, Жаманащы станциясының, Чаглинка станциясының көшелеріне атаулар беру туралы2009 жылғы 7 тамыздағы" № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-110 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 25 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында "поселкесінің" сөзі "кентінің" сөзіне және бүкіл шешімнің мәтіні бойынша "поселкесінің", "поселкесі" деген сөздері тиісінше "кентінің", "кенті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алексеевка кентінің әкімі |
Қ.Алхатов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Балтағарин |
2017 жылғы "27" 03
Зеренді ауданының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Шәкіржанов |
2017 жылғы "27" 03