РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Алексеевка кенті, Жаман-ашы станциясы, Чаглинка станциясы халқының пікірін ескере отырып, Алексеевка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алексеевка кентінің, Жаман-ашы станциясының, Чаглинка станциясының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Алексеевка кенті:
№ 1 көшеге – Теміржолшылар атауы;
2) Жаман-ашы станциясы:
№ 1 көшеге – Теміржолшылар атауы;
3) Чаглинка станциясы:
№ 1 көшеге – Теміржолшылар атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж.Жәкімов |
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |