РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 352 ұсынысы бойынша Широков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5737 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда "Сандықтауский край" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Широков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Н.Кәрімжанов |