Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылындағы шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 6168 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 352 ұсынысы бойынша Широков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5737 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда "Сандықтауский край" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Широков ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы
Н.Кәрімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады