Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Мәдениет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Владимир Ленин көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
2) Целинная көшесі Тың көшесіне;
3) Новоселов көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет ауылы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ.Каженов |