Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауыл әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5783 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Мәдениет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Владимир Ленин көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      2) Целинная көшесі Тың көшесіне;
      3) Новоселов көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Мәдениет ауылы
әкімінің міндетін атқарушы
Қ.Каженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады