Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 181/25-6 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 297/46-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-160 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қаңтарда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
С.Матайбаева |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А. Жантеміров |
26.06.2017
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 127/16-6 шешіміне қосымша |
Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 10 |
5. | Карт | 3 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |