Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 384/57-6 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 127/16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6037 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
С.Абеева |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Жантеміров |
30.01.2018
Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 181/25-6 шешіміне қосымша |
Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2. | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 10 |
5. | Карт | 3 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |