Шортанды ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № А-11/244 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 6192 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 21.12.2021 № А-12/257 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шортанды ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мухамединге жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова

Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Шортандинском районе

Постановление акимата Шортандинского района Акмолинской области от 20 ноября 2017 года № А-11/244. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 ноября 2017 года № 6192. Утратило силу постановлением акимата Шортандинского района Акмолинской области от 21 декабря 2021 года № А-12/257.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Шортандинского района Акмолинской области от 21.12.2021 № А-12/257 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат Шортандинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Шортандинском районе, организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидести человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Мухамедина Е.К.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Шортандинского
района
Г.Садвокасова