Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 20.08.2021 № 7С-11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Шортанды ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Е.Жапаров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д.Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды ауданының әкімі |
Г.Сәдуақасова |
06.12.2017 ж.
Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № С-21/4 шешімімен бекітілген |
Сот шешімімен Шортанды ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен Шортанды ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Шортанды ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Иесіз қалдықтарды Шортанды ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқару ауданның жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады.
4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органымен комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Шортанды ауданының "Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлектер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.
7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Қорытынды ережелер
10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.