"Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 120 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5363 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Қағидалардың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Атақ жыл сайын облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі, алайда, облыс бойынша - бес, қала бойынша - үш және аудан бойынша - екі азаматтан аспауы керек.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      А. САДЫҚОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

О внесении изменения в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)"

Решение маслихата Актюбинской области от 3 марта 2017 года № 120. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 29 марта 2017 года № 5363

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3308, опубликованное 19 января 2010 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующее изменение:
      пункт 11 Правил изложить в следующей редакции:
      "11. Звание ежегодно присваивается соответствующим маслихатом по представлению акима области (города, района), но не более чем пяти гражданам по области, трем - по городу и двум - по району.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
областного маслихата
Секретарь областного маслихата
      А. САДЫКОВ С. КАЛДЫГУЛОВА