Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 "Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 5669 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 "Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4975 тіркелген, 2016 жылғы 9-11 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Мұғалжар ауданы" деген бөлім осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5 жолдармен толықтырылсын;

      "Ойыл ауданы" деген бөлім осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес реттік нөмірі 11 жолмен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысы бойынша
экология департаменті" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Иманқұлов
      "21" қыркүйек 2017 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысы Қоғамдық
денсаулық сақтау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Беркімбаева
      "21" қыркүйек 2017 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі аумақтық
бөлімінің басшысы
Х.Бултеев
      "21" қыркүйек 2017 жыл

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 қаулысына 1-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 қаулысына қосымша

2.

Темір өзені

жағажай

Сағашилі елді мекені

3.

Елек өзені

жағажай

Ақкемер ауылы

4.

Жем өзені

жағажай

Бірлік ауылы

5.

Жем өзені

жағажай

Ембі қаласының шекарасында

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 қаулысына 2-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 қаулысына қосымша

11.

Қайыңды өзені

жағажай

Ақжар ауылы


О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 1 июня 2016 года № 227 "Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Актюбинской области"

Постановление акимата Актюбинской области от 20 сентября 2017 года № 332. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 октября 2017 года № 5669

      В соответствии с пунктом 2 статьи 94 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 1 июня 2016 года № 227 "Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Актюбинской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4975, опубликованное 9-11 июля 2016 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующие дополнения:

      в приложении к указанному постановлению:

      раздел "Мугалжарский район" дополнить строками, порядковые номера 2, 3, 4 и 5, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      раздел "Уилский район" дополнить строкой, порядковый номер 11, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Актюбинской области Абдуллина М.Е.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области Б.Сапарбаев
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного
учреждения "Департамент экологии
по Актюбинской области"
Ж.Иманкулов
      "21" сентября 2017 года
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного
учреждения "Департамент охраны
общественного здоровья
Актюбинской области"
Н.Беркимбаева
      "21" сентября 2017 года
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель Актюбинского
территориального отдела
республиканского государственного
учреждения "Жайык-Каспийская
бассейновая инспекция по
регулированию использования и
охране водных ресурсов"
Х.Бултеев
      "21" сентября 2017 года

  Приложение 1 к постановлению акимата Актюбинской области от 20 сентября 2017 года № 332
  Приложение к постановлению акимата Актюбинской области от 1 июня 2016 года № 227

2.

река Темир

пляж

населенный пункт Сагашили

3.

река Илек

пляж

село Аккемер

4.

река Жем

пляж

село Бирлик

5.

река Жем

пляж

на территории города Эмба

  Приложение 2 к постановлению акимата Актюбинской области от 20 сентября 2017 года № 332
  Приложение к постановлению акимата Актюбинской области от 1 июня 2016 года № 227

11.

река Кайынды

пляж

Село Акжар