Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 "Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4975 тіркелген, 2016 жылғы 9-11 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Мұғалжар ауданы" деген бөлім осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5 жолдармен толықтырылсын;
"Ойыл ауданы" деген бөлім осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес реттік нөмірі 11 жолмен толықтырылсын.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Иманқұлов |
"21" қыркүйек 2017 жыл | |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н.Беркімбаева |
"21" қыркүйек 2017 жыл | |
"КЕЛІСІЛДІ" "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімінің басшысы |
Х.Бултеев |
"21" қыркүйек 2017 жыл |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 қаулысына 1-қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 қаулысына қосымша |
2. | Темір өзені | жағажай | Сағашилі елді мекені |
3. | Елек өзені | жағажай | Ақкемер ауылы |
4. | Жем өзені | жағажай | Бірлік ауылы |
5. | Жем өзені | жағажай | Ембі қаласының шекарасында |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 қаулысына 2-қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 қаулысына қосымша |
11. | Қайыңды өзені | жағажай | Ақжар ауылы |