Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 5-2/486 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінің Сазды ауылы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 26 қыркүйектегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген, 2016 жылдың 7 және 8 қазанында "Ақтөбе" және Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінің әкімі |
А.Муханбетов |