Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қазанда № 5090 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 19.09.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 08 қыркүйек № 5-2/493 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сазды ауылдық округінің Сазды ауылы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Ш. Мухановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сазды ауылдық округі әкімі А.Унгарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады