1. Әйтеке би ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін;
2. Әйтеке би ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Ибрашов |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "27"қаңтардағы № 10 қаулысына 1 қосымша |
Қызылту ауылында тұратын балаларды Қарабұтақ ауылында орналасқан Қарабұтақ орта мектебіне тасымалдау схемасы
Әйтеке би ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "27"қаңтардағы № 10 қаулысына 2 қосымша |
Жарөткел, Қызылту ауылында тұратын балаларды Қарабұтақ ауылында орналасқан Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы
Әйтеке би ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "27"қаңтардағы № 10 қаулысына 3 қосымша |
Әйтеке би ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әйтеке би ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес әзірленген және Әйтеке би ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін (әрі қарай –Тасымалдау тәртібі) айқындайды.2. Балаларды тасымалдау тәртібі
2. Балаларды тасымалдау қолданыстағы заңнама және осы Тасымалдау тәртібі талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "балалар тасымалы" деген таным белгісі орнатылады.
Автобуспен тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.
Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алыптастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушымен тапсырыс беруші келіседі.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылытпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
3. Балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын жүргізушілерге қойылатын талаптар
8. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;
2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және жол қозғалысы ережесін өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жіберген ұйымдағы жүргізушінің жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс.
9. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне рұқсат етілмейді:
1) 60км/сағ сағатына артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, бағажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.