1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 12 мамырдағы № 236 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 8 тамыздағы № 174 аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4334 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 10 қарашадағы № 268 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 152 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4627 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық | Әйтеке би аудандық |
мәслихатының сессия төрағасы | мәслихатының хатшысы |
Б.Сейлханов | Е.Таңсықбаев |