Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 105 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 5294 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 12 мамырдағы № 236 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 8 тамыздағы № 174 аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4334 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 10 қарашадағы № 268 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 152 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4627 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әйтеке би аудандық Әйтеке би аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
      Б.Сейлханов Е.Таңсықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады