1. Басқұдық ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-54 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқұдық ауылдық | |
округінің әкімі | А.Киялов |