Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге озгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округінің әкімінің 16.02.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Басқұдық ауылдық округіне қарасты Сарбұлақ елді мекенінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Сарбұлақ елді мекені көшелеріне атау берілсін:
1) "Шаруашылық" көшесі – бұрын Сарбұлақ елді мекенінің колхоздастыру кезіндегі атауы болғандықтан.
2) "Мамыт" көшесі – Сарбұлақ елді мекенінің жаз жайлауы мен қыс қыстауының жалпылама атауы болғандықтан.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Басқұдық ауылдық | |
округінің әкімі: | Т.Б.Рахметов |