Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданының Көлтабан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданының Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 "Көлтабан ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-134 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде "11 ноября" сөздері "10 ноября" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің қазақ тіліндегі атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы";
1 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Жарлы ауылы:";
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С. Құлбатыр |