Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 3-4-134 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосына" деген сөздер "ауылдық", "ауылына" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 19.11.2014 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелеріне өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 07.12.2020 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Жарлы ауылы:

      1) Ұстаздар;

      2) Бейбітшілік;

      3) 1 мамыр;

      4) Жанкелді Есенбаев;

      5) Наурыз;

      6) Ынтымақ;

      7) Болат жолы;

      8) Еңбекшілер;

      9) Желтоқсан;

      10) Майтүбек;

      11) Ардагерлер;

      12) Астана;

      13) Қойлыбай Боқанов;

      14) Жыңғылдытоғай;

      15) Әлен Мақыбаев;

      16) Жарлы;

      17) Жағалау;

      18) Жеңіс;

      19) Тәуелсіздік;

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қораши ауылына:

      1) Бірлік;

      2) Сарбұлақ;

      3) Қарабұлақ;

      4) Достық;

      5) Қызылтаң;

      3. Жыңғылдытоғай ауылына:

      1) Наркеткен;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 07.12.2020 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық округі әкімі С.М. Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады