1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 "Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3561 тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 185 "Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4358 тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымдағы "Керек.info" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Қ. БӨЛЕК |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |