Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде № 3561 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 69 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.02.2017 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
      2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 151 "Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-125 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 4-5 санды "Ырғыз" газетінде жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Н. САДЫҚОВ
      Аудандық мәслихат хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

  Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 шешімімен бекітілген

Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы

      Ескерту. Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)" деген сөздер "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес әзiрлендi және тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындайды.

1. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

      1) тұрғын үй көмегi – келесi шығыстар сомасын төлеуге шығындарды iшiнара өтеу үшiн аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берiлетiн көмек;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтынғаны;
      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
      жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына;
      2) телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерi өсуiнiң өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйегiнде қолданыста болған абоненттiк төлемақы мен қолданыстағы абоненттiк төлемақы арасындағы айырмашылықты белгiлейтiн және телефонға абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiнiң шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн ақшалай өтемақы;
      3) өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жолыққан адам;
      4) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      5) уәкiлеттi орган – тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ырғыз ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      Тұрғын үй көмегi егер отбасының коммуналдық қызметтердi (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәрiз, тамақ дайындағаны үшiн газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгiленген нормасының шегiнде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн, бiрақ iс жүзiнде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерiнен көп емес шығыстар, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн шығыстары осы мақсаттарға шектi үлесiнен асқан жағдайда берiледi.
      Коммуналдық қызметтердi тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының ұлғаюы бөлiгiндегi байланыс қызметiне шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық кiрiсiнiң 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үй иесiне, жалдаушыға (жалға берушiге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәрiз, тамақ дайындағаны үшiн газды) тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметiне телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне шығындарының орнын толтыру үшiн, азайту ретiнде қолма-қол емес түрде берiледi. Белгiленген нормадан артық коммуналдық қызметтi және байланыс қызметiн тұтынғаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу жалпы негiзде жүргiзiледi.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), , жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап 2014 жылғы 1 шiлдеге дейiн бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтiп ұстау шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы жөнiндегi әлеуметтiк норманы есептеу кезiнде барлық меншiк түрiндегi тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының бiр адамға 18 ш.м. (жалғыз тұратын азаматтар үшiн 30 ш.м.), бiрақ тұрғын жайдың iс жүзiнде алып отырған пайдалы алаңының әлеуметтiк нормасы қолданылады.
      6. Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
      7. Тұрғын үй көмегiн алушылар өзiнiң тұрғын жайының меншiк түрiнiң, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерiстер, көмектi дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкiлеттi органға 10 күн iшiнде ақпарат бередi.
      8. Тұрғын үй көмегi түрiнде алынған заңсыз сома заңда белгiленген тәртiппен бюджетке қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау

      9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау оны алу үшiн өтiнiш берген күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiн мерзiмде жүргiзiледi. Өтiнiш берген айы деп құжаттармен бiрге өтiнiш тапсырған айы есептеледi.
      10. Тұрғын үй көмегi отбасы құрамы, iс жүзiнде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемi, отбасының жиынтық кiрiсi, коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау) және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп- ұстауға арналған шығыстарына, шығындарына және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындары көрсетiлетiн меншiк иесiнiң, жалдаушының (жалға алушының) өтiнiшi негiзiнде тағайындалады.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Азаматтардың табысы жөнiндегi мәлiметтердi тiзiмдер немесе электрондық тасығыштардағы ақпараттар түрiндегi тиiстi төлемдердi есептеудi және аударуды жүргiзетiн аудандық қызметтер, бөлiмдер, ұйымдар тоқсан басында бiр рет растайды.
      12. Тұрғын үй көмегiн алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кiрiсiн есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.
      13. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметiне тарифтер, жалдау ақысының мөлшерi өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргiзiледi.
      14. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiндегi коммуналдық қызметтердi тұтынғаны үшiн, телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiндегi байланыс қызметтерi, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстары, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы үшiн меншiк иесiнiң, жалға алушының (жалдаушының) төлемақы сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шектi мүмкiн деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi және iс жүзiндегi шығындар сомасынан артық болуы мүмкiн емес.
      Ескерту. 14 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының 20.05.2015 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Берiлген өтiнiш және оған қоса берiлген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша екi данада келiсiм шарт жасалады, оның бiреуi меншiк иесiнде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екiншiсi – уәкiлеттi органда сақталынады.
      16. Аталған келiсiм шарт тұрғын үй көмегiн ұсыну үшiн негiз болады. Уәкiлеттi органнан келiсiм шарты алғаннан кейiн меншiк иесiнде, жалға алушыда (жалдаушыда) коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге он күндiк мерзiмде деректер базасына енгiзу үшiн ұсыну қажет.
      17. Ақпаратқа сенiмсiздiк туындаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) өтiнiш иесiнiң тұрғын үй жағдайына тексеру жүргiзедi;
      2) тиiстi ұйымдардан кiрiстер туралы ақпарат сұратады;
      3) кiрiстердi жасыру фактiлерiн тексеру жөнiнде салық қызметiне жолығады;
      4) тұрғын үй көмегiн мақсатты пайдалану туралы тұрғын үй инспекциясына сұраныс жасайды.

3. Қаржыландыру көздерi

      18. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      19. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады. Телефон үшiн абоненттiк төлемақы, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы тарифтерiнiң және тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтiн және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептегiштiң құнының өсуiне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерiн көрсете отырып, ол таңдаған екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның өтiнiшi негiзiнде банк операцияларының тиiстi түрiне ҚР Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.
      20. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың есептелуi мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады