Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданының Жарсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 "Жарсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-112 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарсай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 25 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарсай ауылдық округі әкімі | Р.Байгельдинова |