Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 10-1/117 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Сөгәлі ауылдық округінің Қоғалы, Сөгәлі ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сөгәлі ауылдық округінің әкімі: | Қ. Мыңбаев |