Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5434 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 10-1/117 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Сөгәлі ауылдық округінің Қоғалы, Сөгәлі ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сөгәлі ауылдық округінің әкімі: Қ. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады