1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімінің деректемелерінде "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімінің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "названий" және "названия", "назваение" сөздері "наименований", "наименования" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағындағы "Веренка" сөзі "Достық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 4 тармағындағы "Степь" сөзі "Қарабұлақ" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққұдық ауылдық округінің әкiмi | Н. Ашимов |