Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5359 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 және Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген) және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 374 және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 83 "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Степь селосын Қарабұлақ ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3369 тіркелген) сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      орыс тіліндегі шешімінің деректемелерінде "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі шешімінің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "названий" және "названия", "назваение" сөздері "наименований", "наименования" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің 1 тармағындағы "Веренка" сөзі "Достық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің 4 тармағындағы "Степь" сөзі "Қарабұлақ" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аққұдық ауылдық округінің әкiмi Н. Ашимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады