Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы минитрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 11-26/117 ұсынысының негізінде, Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 8 "Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылы аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5038 болып тіркелген 2016 жылғы 08 қыркүйекте "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Құмжарған ауылдық округінің әкімі | Р.К Үргенішбаев |