Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі әкімінің 19.10.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 шілдедегі №11-26/131 ұсынысының негізінде, Құмжарған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Iрі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмжарған ауылдық округінің әкімі: | Р.Үргенішбаев |