1. Алтықарасу ауылдық округінің "Шығырлы" қыстағындағы "Сәтжол" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5047 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйектегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі | М. Шуиншалин |