Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шығырлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 4 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4788 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде аудандық "Темір" газетіне жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығырлы ауылдық | |
округінің әкімі: | С.Кадыров |