Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 4 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 5544 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шығырлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 4 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4788 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде аудандық "Темір" газетіне жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығырлы ауылдық
      округінің әкімі: С.Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады