Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ойыл ауданында ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 190 "Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім бөлу, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жирма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4016 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 256 "Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" 2014 жылғы 7 тамыздағы № 190 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4481 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | С. Туремуратов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Бисекенов |