Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 07.03.2019 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 1 қарашадағы № во 3-4/99 ұсынысына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара және ұсақ малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Н.С. Ертемирова |