Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 5778 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 07.03.2019 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 1 қарашадағы № во 3-4/99 ұсынысына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара және ұсақ малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығанақ Берсиев атындағы
ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
Н.С. Ертемирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады