Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 11.03.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қарашадағы № во 3-4/112 ұсынысына сәйкес, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Саралжын ауылдық округінің Кемер ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі | А. Мубараков |