Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 5775 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 11.03.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қарашадағы № во 3-4/112 ұсынысына сәйкес, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Саралжын ауылдық округінің Кемер ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық округінің әкімі А. Мубараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады