Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көктөбе ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 5 ақпандағы № 1 "Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-82 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктөбе ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 05 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктөбе ауылдық округінің әкімі | Б. Сатмухамбетов |