Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 ақпанда № 3-12-82 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селолық округінее", "Құдықсай селолық округіне", "селосында", "елді мекені" сөздері "ауылдық", "ауылдық округіне", "ауылында" сөздерімен ауыстырылды Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімінің 17.08.2015 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктөбе ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 05 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімінің 22.05.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атаулары берілсін:
      1) Майтөбе ауылында: Тәуелсіздік, Желтоқсан, Республика, Жеңіс, Достық, Жастық;
      2) Көктерек ауылында: Бейбітшілік көшесі.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көктөбе ауылдық округінің әкімі: Қ.Тәшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады