1. Тассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 "Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-72 тіркелген, 2008 жылғы 18 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"О присвоении наименований улицам населенных пунктов Тассайского сельского округа";
шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі "пунктом 3.2. Концепции государственной ономастической работы в Республике Казахстан утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2005 года № 45 Постановления Акима Актюбинской области от 24 июля 2007 года № 255 "Об утверждении Положения о порядке регистрации и структуре адреса в Адресном реестре Актюбинской области" сөздері алынып тасталсын."
орыс тіліндегі шешімнің бірінші абзацындағы "названия" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тассай ауылдық округінің әкімі | Е.Абдиров |