Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 23.07.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 тамыздағы № 16-8/74 ұсынысы негізінде, Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан "Нұралы" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
М. Кенжалин |